Рухани жаңғыру: жастардың дара жолы!

20.12.2018

2018 жылдың он үшінші желтоқсанында М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Рухани жаңғыру: жастардың дара жолы!» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының бай тарихын, мәдениетін, дәстүрлері мен рухани құндылықтарын насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында студенттерде патриоттық және ұлттық рухты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Концертте колледж директоры Ерлік Барысұлы Жанділдин мен колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің директоры Рәзия Ескендірқызы Қасымова оқытушылар мен студенттерді келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, оқытушыларға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жастарды оқыту мен тәрбиелеуге қосқан адал еңбектері үшін алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік концертте «Колледж жұлдыздары» байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктер анықталып, марапатталынды. Бірінші курс студенттері ең үздік өнерлерін көрсетті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст